- Блогтар
- Дарбеков Б.К.
Дарбеков Б.К.
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» бас директоры
Дарбеков Б.К.
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» бас директоры
1957 жылғы 21 қазанда Қырғыз КСР-інің Тоқмақ қаласында дүниеге келген.
Б.К. Дарбеков 1979 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін үздік бітірген, 1985 жылы М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияға түсіп, 1988 жылы үздік бітірді, 1999 – 2001 жылдары Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясында оқып, оны да үздік аяқтаған.
Әскери қызметін 1979 жылы Германиядағы Кеңес әскерлерінің тобында ГКӘТ гвардиялық танк армиясы мотоатқыштар дивизиясының мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі лауазымында бастады. 1979 жылғы қарашадан 1985 жылғы тамызға дейін Германиядағы Кеңес әскерлері тобының жеке гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасында қызмет өткерді. Десанттық-шабуылдау взводын басқарды, парашюттік-десанттық рота командирінің әуе-десанттық даярлық жөніндегі орынбасары болды, десанттық-шабуылдау ротасына командирлік етті. 1983 жылғы шілдеден 1985 жылғы тамызға дейін жеке гвардиялық ДШБр парашюттік-десанттық батальоны штабының бастығы – командирдің орынбасары болды.
1985 жылғы тамызда М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияға түсіп, оны 1988 жылғы шілдеде үздік аяқтап шықты. Бітіргеннен кейін 1988 жылғы қыркүйектен 1992 жылғы сәуірге дейін Қызыл Тулы Орта азиялық, Түркістан әскери округінде қызмет өткерді.
1992 жылғы сәуірден 1995 жылғы қарашаға дейін Қырғызстан Республикасы Ұлттық гвардиясы штабының бастығы – қолбасшының орынбасары лауазымын атқарды.
1995 жылы ерікті түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кадрлығына айқындалып, Қазақстан Республикасы мотоатқыштар полкінің командирі болып тағайындалды. 1996 жылғы қарашадан 1998 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратында әртүрлі лауазымдар атқарды.
1998 жылғы мамырдан 1998 жылғы тамызға дейін Армия корпусында танк дивизиясы командирінің орынбасары болды.
1999 жылғы тамыздан 2001 жылғы маусымға дейін Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясында оқып, үздік аяқтады.
Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітіргеннен кейін ҚР ҚК Бас штабы Жедел жоспарлау департаментінің бастығы болып тағайындалды.
2003 жылғы қаңтарда Бас штаб бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Жедел жоспарлау департаментінің бастығы болып тағайындалды.
2003 жылғы шілдеден 2007 жылғы қаңтарға дейін Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары лауазымын атқарды.
2007 жылғы сәуірден 2008 жылғы қарашаға дейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болды.
Мемлекеттік награда: ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен наградталған
(2005 ж.)Салауатты өмір салтын ұстанады, спортпен айналысады. Көркем, саяси және мемуарлық әдебиетті оқығанды ұнатады.
Отбасылы, 2 баласы, 4 немересі бар.