- Блогтар
- Ибрагимова Л.Е.
Ибрагимова Л.Е.
«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы
Ибрагимова Л.Е.
«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы
Ибрагимова Ляззат Еркенқызы 1972 жылы Ақмола облысындағы Ерейментау ауданында туылған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
1994 жылы Ақмола ауылшаруашылық институтын «АӨК салаларындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша,
2004 жылы Гумилев Л. атындағы Еуразия университетінде оқи отырып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғарғы аттестациялық комиссиясымен Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі тағайындалды,
2005 жылы Еуразия гуманитарлық институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген,
2019 жылы Назарбаев Университетінде оқып, «Іскери әкімшілік магистрі» білім дәрежесін алды.
1995-2004 жылдар аралығында Еуразия гуманитарлық институтының Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасында, Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінің менеджмент және маркетинг кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді.
2005-2009 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Арнайы бағдарламалар департаментінің, Қаржы институттарын және даму институттарын басқару дирекциясының бас менеджері,
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ақпараттық-талдау басқармасының бас маманы, корпоративтік даму департаментінің директоры,
талдау, даму стартегиясы және ақпараттық қолдау департаментінің директоры, оқыту және консалтинг департаментінің директоры болып жұмыс істеді.2009-2016 жылдар аралығында «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма төрайымы, Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Директорлар кеңесінің Төрайымы, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» Директорлар кеңесінің мүшесі, Директорлар кеңесінің Төрайымы, «Холдинг Кәсіпқор» ҰАҚ, Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор,
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Директорлар кеңесінің төрайымы, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы болды.2016-2017 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы).
Корпоративтік басқару саласында 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар.
Экономика ғылымдарының кандидаты.
«Nur Otan» партиясының мүшесі.
2021 жылдан бастап VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутаты