- Блогтар
- Халиолла Б. Е.
Халиолла Б. Е.
«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының Қадыр Мырзалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығы» МКҚК директоры
Халиолла Б. Е.
«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының Қадыр Мырзалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығы» МКҚК директоры
Халиолла Бауыржан Ергенұлы, 1979 жылы 24 қарашада Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа ауылында дүниеге келген.
2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі - 14 жыл. Саладағы еңбек өтілі - 6 жыл. Осы ұжымдағы еңбек өтілі - 5 жыл.
Еңбек жолын 2001 жылы Облыстық «Орал өңірі» газетінің тілшісі қызметінен бастаған. 2003-2004 жылдары Сырым аудандық «Қайнар» газетінің бас редакторы, 2010-2012 жылдары Республикалық тәуелсіз «Айна» газетінің бас редакторы, 2012-2015 жылдары Республикалық «Жайық жұлдызы» журналының бас редакторы. Мәдениет саласында 2015-2016 жылдары «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» МКҚК директорының жалпы мәселелері бойынша орынбасары, директоры лауазымды қызметтерін атқарған.
2016 жылдың ақпанынан бастап «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының Қадыр Мырзалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығы» МКҚК директоры лауазымын атқарып келеді.
Қазақстан жазушылар одағының, Қазақстан журналистер одағының, Қазақстан және халықаралық ақын-жыршылар одағының мүшесі.
Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықаралық Одағының Батыс Қазақстан аймағы бойынша өкілі.
Қазақстан Жазушылар Одағы Батыс Қазақстан облыстық филиал директоры.
«Заң медиа - корпорациясының» Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2017), «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен (2018), «Еңбек даңқы» медалінің иегері (2018), «Қадыр Мырза Әлі» ҚҚ медалімен (2016), Жайық айтысының 60 жылдығына арналған мерекелік медалімен (2018), Сырым ауданының Құрметті азаматы (2018), Әсет Найманбайұлының туғанына 150 жыл мерекелік медалі (2019), Сәкен Сейфуллин 125 жыл медалімен (2019), Атырау облысы әкімдігінің «Махамбет» атындағы сыйлығының иегері (2020), «Жұбан Молдағалиев -100» және «Қадыр Мырза Әли» төсбелгілерімен (2020) наградталған.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері (2020).
Отбасында жолдасы, 1 ұлы, 1 қызы бар.