- Блогтар
- Еликбаев А.М.
Еликбаев А.М.
ШЖҚ "Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы" МКК директоры
Еликбаев А.М.
ШЖҚ "Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы" МКК директоры
Мен,Айдын Молдашович Еликбаев 1979 жылы 24 шілдеде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ, Қазақстан Республикасының азаматымын. 1986 жылы Жаркент қаласындағы А. Луначарский атындағы орыс мектебінің 1 –ші сыныбына бардым, 6 –шы сыныптан бастап Жаркент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ мектебіне ауыстым. 1993 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кентіне жанұямыз қоныс аударуына байланысты, мектептегі оқуымды М. Мақатаев атындағы № 13 мектепте жалғастырып, 1996 жылы аталған мектепті бітірдім. 1996 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің, емдеу ісі факультетіне түсіп, 2002 жылы бітірдім. 2002 – 2003 жылдар аралығында аталған оқу орнында дәрігер – хирург мамандығы бойынша интернатурада оқыдым.
Жұмыс өтілім:
2003 -2004 жылдар аралығында, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің, «Хирургиялық аурулар» кафедрасында № 3 – аға лаборант, Алматы қаласындағы Апаттық медицина орталығында – шұғыл әрекет ету бригадасының аға дәрігері;
2004 – 2007 жылдар аралығында мерзімді әскери қызмет қатарына шақырылдым, 2087 әскери бөлімінде инфекционист – дәрігер болып қызмет атқардым. 2005 жылдан бастап Ақтау қаласы, ҚР ҰҚК ШҚ Аймақтық әскери госпиталында, жұқпалы аурулар бөлімшесі бастығының лауазымын атқардым. Әскери атағым аға лейтенант;
2007-2008 жылдар аралығында Жаркент қаласында аудандық орталық ауруханада дәрігер – хирург болып қызмет атқардым.
2008 -2019 жылдар аралығында С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің, «Хирургиялық аурулар» кафедрасында № 1 – ассистент болып қызмет атқардым.
2016 -2020 жылдар аралығында Іле аудандық орталық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқардым.
2020 – 2021 жылдар аралығында Іле аудандық орталық ауруханасы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары қызметін атқардым.
2021 жылдың 16 шілдесінен бастап, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, аудандық орталық ауруханасы директорының міндетін атқарудамын.
Өзім туралы қосымша мәліметтер:
- 2007 жылы - РОСО тау мектебінде оқудан өттім, сертификат № 152;
- 2010 жылы - ағылшын тілінің бастапқы курсы, сертификат, 2010 жыл;
- 2013 жылы – медицина қызметкерлерінің күніне арналған жалпы университеттік жарысқа белсене қатысқаным үшін мақтау қағазы;
- Алматы облысының «2017 жылдың дәрігері» номинациясының иегері;
- 2018 жылы - «Даңқ галереясы» номинациясының І дәрежелі дипломы, «Үздік адамдар» халықаралық энциклопедиясының редакциясы;
- «CAOS Almaty -2019» 1 – ші халықаралық студенттік олимпиадасын ұйымдастыруға қатысқаны үшін «Алғыс хат»;
2019 жылы – денсаулық сақтау саласына қосқан жеке үлесім және мүлтіксіз адал еңбегім үшін, ҚР Денсаулық сақтау Министрінен «Алғыс»;