- Блогтар
- Кураметова Г.С.
Кураметова Г.С.
ШЖҚ Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауңылының Аудандық ауруханасы МКК директоры
Кураметова Г.С.
ШЖҚ Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауңылының Аудандық ауруханасы МКК директоры
Мен, Кураметова Гульнара Съездбековна 21.08.1964 жылы Жамбыл облысыМеркі ауданында туылдым. 1981 жылы Меркі ауылында орта мектепті бітірп, Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 1987 жылы дәрігер біліктілігін алдым.
1987-1988 жылы Жамбыл облысының облыстық ауруханасында дәрігер-интерн болып еңбек жолын бастадым.
1988-1991 жылдар аралығында Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық ауруханасында терапевт дәрігері болып қызмет атқардым.
1991-1993 жылдары Шелек орталық аудандық ауруханасында учаскелік терапевт дәрігер болып жұмыс істедім.
1994-2007 жылдар аралығында Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасында терапевт дәрігер және жеделжәрдем бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істедім.
2007-2009 жылдар аралығында Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасында бас дәрігердің орынбасары қызметін атқардым .
27.01.2010 – 03.01.2013 жылдары Еңбекшіқазақ ауданының орталық аудандық ауруханасының директоры болып қызмет атқардым.
Кәсіпорынның қайта құрылуына байланысты 2013 - 2018 жылдар аралығында Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасының директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарадым. 27.07.2018 жылдан бастап ШЖҚ Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауңылының «Аудандық ауруханасы» МКК директоры болып қызмет атқарудамын.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, «Қазақстан маслихаттарына 20 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен , «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған. «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы».
«Нұр Отан» партиясының мүшесі. Облыстық маслихат депутаты.
Біліктілік санаты Жоғары «Қоғамдық денсаулық сақтау» маман куәлігіне иемін.