- Блогтар
- Мантакова А. А.
Мантакова А. А.
«ЖИТС ОО» директоры
Мантакова А. А.
«ЖИТС ОО» директоры
Мантакова Алмагуль Акжумановна - 1968 жылы 2 мамырда Орал облысы, Теректі ауданы, Мәмбетбай ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының санитарлық-гигиеналық факультетін бітірген. 20 жылға жуық облыстық деңгейде санитарлық – эпидемиологиялық қызметте эпидемиолог болып жұмыс істеді.
2012 жылдан бастап ЖИТС - тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықта ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемиологиялық мәселелер бойынша директордың орынбасары лауазымында жұмыс істейді.
2020 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ЖИТС ОО директорының міндетін атқарушы лауазымында жұмыс істейді. Профилактикалық денсаулық сақтау саласындағы жұмыс өтілі - 27 жыл, оның ішінде 9 жылдан астам ЖИТС ОО-да.
АИТВ және ЖИТС мәселелерін үйлестірумен шұғылданады, Облыстың практикалық денсаулық сақтау жүйесінің жетекші мамандарының бірі болып табылады, Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің базасында АИТВ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау, егу ісін ұйымдастыру мәселелері бойынша кадрларды оқытуға тұрақты қатысады.
Отбасы жағдайы: тұрмыста, қыз тәрбиелеп отыр.