- Блогтар
- Нұрбаев Р.М.
Нұрбаев Р.М.
ШЖҚ «Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы» МКК директоры
Нұрбаев Р.М.
ШЖҚ «Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы» МКК директоры
Нұрбаев Ролан Мамырұлы 1999 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «педиатрия» мамандығы бойынша бітірген. 1999-2000 жылдары «балалар хирургиясы» мамандығы бойынша интернатурадан өткен. 2006 жылы Алматы экономика университетін «қаржы» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2008 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетті «юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2020 жылы «EMBA - денсаулық сақтау саласындағы іскери әкімшілік» магистратурасын, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді бітірді. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары санатқа ие.
Өзінің еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында мейіргер болудан бастаған.
2002-2004 жылдары Алматы қаласындағы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында балалар хирургі, лор дәрігері болып жұмыс істеген.
2004-2006 жылдары Қазатомпромның медико-санитарлық бөлімінде хирург дәрігері болумен қызметін жалғастырды.
2007-2009 жылдары «Іле аудандық орталық ауруханасы» МКҚМ-де қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2009-2011 жылдары «Іле аудандық орталық ауруханасы» МКҚМ-де бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары болды.
2011 жылы «Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы» МКҚМ-ге директор болып тағайындалды.
2007 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі, «Nur Otan» партиясының «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының төрағасы.
2016 жылдан Іле аудандық Мәслихатының депутаты.
Медицина қызметкерлерінің арасында өзінің еңбексүйгіштігімен, мақсатына жетушілік, өзіне және басқаларға да жұмыс барысындағы талапшылдығымен, турашылдық және ерекше ұқыпты қасиеттерімен ерекше беделге ие.
2019 жылы «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен, «Отан патриоты» медалімен, ҚР Конституция күні мен Тәуелсіздік күніне орай мерейтойлық медальдармен, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына қосқан үлесі үшін, «Медицина қызметкерлері күні», «Nur Otan» партиясының саяси-қоғамдық істеріне қосқан үлесі үшін Құрмет грамоталарымен, Алматы қаласының «2003 жылдың ең үздік дәрігері» номинациясымен марапатталған.