- Блогтар
- Қалиев М. К.
Қалиев М. К.
«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры
Қалиев М. К.
«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры
Қалиев Марат Кеңесұлы 1960 жылы 27 қараша айында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген. 1980 жылы Орал музыкалық училищесін хор дирижері мамандығы бойынша тәмамдаған. 1988-1993 жж. Ресей Федерациясының Самара қаласында Самара Мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының «Мәдени-тынығу жұмыстары» бөлімін бітірген.
19 жасынан бастап еңбекке араласқан Марат Кеңесұлы 41 жыл бойы Батыс Қазақстан облысының мәдениет саласында еңбек етіп келеді. Еңбек жолын 1980-1986 жж. Приуральный ауданының Мичурин ауылында мәдениет бөлімі клубының меңгерушісі болып бастаған. 1986-1992 жж. Облыстық халық шығармашылығы орталығында әдіскер, «Ақжайық» ансамблінің музыкалық жетекшісі, 1992-1993 жж. «БАТТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде директордың орынбасары, 1993-2000 жж. Облыстық халық шығармашылығы орталығының әдіскері, 2001-2007 жж. Зеленов аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде болған. 2008-2011 жж. Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары, 2011-2015 жж. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының директоры, 2015-2016 жж. «Қалиев» жеке кәсіпкерлігінде директор лауазымды қызметтерін атқарған. 2016 жылдан бастап күні бүгінге дейін «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры қызметін атқарып келеді. Марат Қалиевтің бастамасымен «Ақжайық» би ансамблі, «Шежіре» фольклорлық ансамблі, Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі (2010), «Орда» аспапты триосы (2011), Жастар музыкалық театры (2019) құрылды. Марат Қалиев ІІ Жалпыодақтық байқауының лауреаты. Оның бастауымен құрылған «Скифы» және «Время» вокалды-инструменталды ансамбльдері (2017) Атырау қаласында өткен Республикалық ретро-әндер байқауының, (2007), Ақтауда өткен «Каспий – достық теңізі» Халықаралық байқауының лауреаты атанған. Мәдениет және өнер саласына қосқан үлесі үшін Марат Қалиев 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен (2005), «Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған» медалімен (2009), Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011), «ТМД елдерінің үздік адамдары» энциклопедиясының «Қаһарманы құрмет белгісінің» иегері (2015), «Жайық айтысына - 60 жыл» медалімен (2018), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен (2020), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2020) марапатталған.
Отбасында жұбайы, бір қызы бар.